13.07.2023, 11:00
Оқылды: 48

Оралда автокөлік қағып кеткен 64 жастағы ер адам мерт болды

 Орал қаласында автокөлік қағып кеткен 64 жастағы ер адам көз жұмды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

7ce715f6-c891-49e8-b486-30a014d7a5ae

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, оқиға 12 шілде күні шамамен сағат 10.00-де «Омега» зауыты ауданындағы көпірде болды.

«1947 жылғы жүргізуші «УАЗ» автокөлігімен көпірде 64 жастағы ер адамды қағып кетті. Жол апаты салдарынан ер адам оқиға орнында қаза тапты. Қазіргі кезде ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалды», деп хабарлады ведомстводан.

89a82894-3bb8-49ad-969a-117efa4bd98c

Марқұмның «Жайық Таза Қала» ЖШС қызметкері екені анықталды.

БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, ер адам жедел жәрдем барғанша қайтыс болып кеткен.

Фото: БҚО ПД баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале