16.12.2020, 18:08
Оқылды: 38

Оралда автошеру өтті

Бүгін Орал қаласында 16 желтоқсан – Тәулсіздік күні мерекесіне орай 16 ақ түсті көлік қатысқан автошеру өтті. Қазақстан Республикасының Тұңғыш Президенті атындағы жаңа алаңнан бастау алған автошеру қаланың үлкен даңғылдарымен өтіп, шаһарға жақын орналасқан Желаев, Деркөл, Зашаған кенттерінде болды. Бір сағат жарым уақытқа жоспарланған шеру барысында олар қаланың кіре берісіндегі «Орал» композициясына дейін барып, Н.Назарбаев даңғылы арқылы өтіп, жаңа алаңға қайта оралды.

авто 1

Орал қалалық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Артур Шерғалиевтің айтуынша, мерекелік автошеру өткізу туралы ұсынысты шаһар тұрғындары бірден қолдаған. Олар ватсап желісінде арнайы топ құрып, ақ түсті машинамен шығуды ұйғарып, көліктерді көк байрақпен безендіруге келіскен. Шеруге қатысуға ниет білдіргендердің арасында әр салада жұмыс жасайтындар мен қарапайым такси жүргізушілері де бар.

авто 3

Бір-бірімен тізбектелген көліктер көк туымызбен безендіріліп, азаттықтың әр күні өзінің әсерлі тағылымымен қымбат екенінен хабар бергендей болды. Шеруге қатысушылар алаңға жиналған қауыммен тілдесіп, Тәуелсіздік мерекесінің аясында ұйымдастырылған шараның мәні мен маңызы турасында өз пікірлерін білдірді.

Нұрбек Оразаев,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале