2.04.2024, 15:45
Оқылды: 53

Оралда бадминтоннан рейтингтік турнир басталды

Оралда бадминтоннан «CONDENSATE Kazakhstan International Challenge» халықаралық турнирі басталды. Жарысқа әлемнің 40-тан астам елінен келген спортшылар қатысып жатыр.

бадминтон (1)

2014 жылдан бері әр үш жыл сайын дәстүрлі түрде өтіп келе жатқан жарыс беделді «International Challenge» турнирлері қатарына жатады. Оралдағы турнир халықаралық бадминтон федерациясының (BWF) қолдауымен өтеді.

бадминтон (3)

Орал шаһарын дүбірге бөлейтін жарыс «International Series» халықаралық турнирлері санатына кіретін сайыстардан жоғары. Бұл жарысқа әлемнің үздік бадминтоншылар қатысып жатыр. Өйткені спортшылардың осы турнирде жинаған рейтингтік ұпайлары 2024 жылы Парижде (Франция) өтетін 33-ші жазғы оимпиада ойындарына лицензия алуға мүмкіндік береді.

бадминтон (4)

Турнирді халықаралық бадминтон Федерациясынан бөлек, ҚР мәдениет және спорт министрлігі, ҚР ұлттық бадминтон федерациясы, БҚО дене шынықтыру және спорт басқармасы, БҚО бадминтон федерациясы бірлесе ұйымдастырып отыр. Ал турнирінің бас демеушісі – «Конденсат» компаниялар тобы.

бадминтон (2)

Жарыс сәуірдің алтысына дейін созылады.

Түгелбай Бисен,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале