Оралда балабақшадағы балалардың үстіне шкаф құлап кеткен. Бұл туралы БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметі айтты.
Көрнекі фото: zhaikpress.kz
Оқиға бүгін Орал қаласындағы жеке балабақшалардың бірінде болған.
- Полиция басқармасына балалардың үстіне шкаф құлап кеткені туралы қоңырау түсті. Облыстық балалар ауруханасына 4 бала жеткізілді. Оқиға орнында полиция қызметкерлері жұмыс істеп жатыр. Оқиғаның мән-жайы анықталуда, - деген БҚО gолиция департаментінен келген хабарламада.
Болған оқиғаға қатысты білім бөлімі әзірге ешқандай пікір бермеді.
Ал БҚО Денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі балалардың жағдайы қанағаттанарлық деп мәлімдеді.
- Жедел жәрдем бекетіне 11:30-да «Сәби» балабақшасынан шақырту түсті. Шкаф құлап кетіп 5 адам зардап шеккен. Оның ішінде төртеуі бала, біреуі ересек адам. 1976 жылғы әйел адамның аяғы жараланған. Төрт бала облыстық ауруханаға жеткізілді. Балалардың жағдайы қанағаттанарлық. Бәрі де үйге жіберілді, - деді БҚО денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі.
zhaikpress.kz