Биыл бұл премия қатарынан үшінші рет өткізіліп отыр және рекорд орнатқан. Жоба авторының айтуынша шарада 100 номинант бар.

- Бұл – жыл сайын ұйымдастырылатын жоба. Басты мақсатымыз – өңіріміздегі креативті индустрияда жүрген балаларды қолдау, бір-бірімен таныстыру және оларды ортақ жобаларға тарту. Жобаға 4 пен 17 жас аралығындағы модельдер, мобилографтар, блогерлер, фотографтар, стилистер және TikTok-те контент жасайтын балалар қатыса алады. Командамыздағы педагогтар, маркетологтар мен дизайнерлер арнайы іріктеу жүргізді. Биыл жобаға 100 бала қатыстып отыр. Олардың саны жылдан жылға артып отыр, - дейді жоба авторы Лунара Илхамкызы.
Лунара «LU IL fashion» киім бренді мен «Kazakh brands» тігін студиясының негізін қалаған.

Ал жобаның маркетологі және ұйымдастырушылардың бірі – Камила Кеңесқызы.

Кеш барысында «Kazakh Fashion Kids Awards 2025» премиясы табысталады.
Алдымен сахнаға дизайнер Ирина Морозованың коллекциясы ұсынылды.

Кішкентай сәнгерлер кешке арналған көйлектерді киіп шықты.

Келесі боп сахнаға арнайы Ақтөбе қаласынан келген дизайнер Роза Бисекенова коллекциясын ұсынды. «Batyr Models» мектебінің модельдері подиумді сәнге бөледі.

Айта кетейік, шарада жас сәнгерлерге «Little Top Models LI FASHION», «TOP MODELS BATYR MODELS», «TOP MODELS», «BEST MODELS» премиясы табысталды.
Дәстүрлі шарада жасөспірімдер арасында «Жас мобилограф» байқауы өткен. Олардың арасында Оралбек Алиев, Санжар Сағын, Ислам Джамбул байқаудың номинанттары атанды.

«Жас мобилограф» байқауының жеңімпазы атанып, ұйымдастырушылар тарапынан арнайы премияға Серікбай Аманжол ие болды.
Ұйымдастырушылар кеш барысында демеушілерге және қолдау білдірген кәсіпкерлерге алғысхат табыстады.

Балалар кешінде қызықты контент істеп, креатив ойларын іске асырып жүргендерге де марапат табысталды.
Ералы Тыныштық – «Тиктокер – 2025», Айару Камза – «Жас блогер – 2025», Алуа Сагимбаева «Топ блогер – 2025», Малика Нурмумова – «Топ блогер – 2025», Ислам Джамбул – «Топ мобилограф – 2025», Асанәлі Онгар – «Топ актер – 2025» атанды.
Сән кешінде 2026 жылдың «LI Fashion Models» амбассадорларының есімдері анықталды. Олар бір жыл бойы оқып, мектептің барлық жобасына белсене қатысқан.
Аяна Джумагалиева мен Азиза Ерсаинова «Жыл амбассадорлары» атанды. Екі болашақ сәнгер аталған сән мектебінде бір жыл тегін білім алады.
Динара Тілекқызы,
zhaikpress.kz
Фотоға түсірген автор