30.05.2019, 15:41
Оқылды: 39

Оралда бес айда 1 632 ұрлық фактісі тіркелген

Орал қалалық полиция бөлімінің ЖПҚб-нің берген мәліметтеріне сүйенсек, биыл 5 ай ішінде 1 632 ұрлық тіркелген. Соның 30-ы велосипед ұрлығы. Қолды болған велосипедтердің 23-і табылып, иелеріне қайтарылды.  Яғни, қылмыстың 70 пайызы ашылды.

urlyq

Дәл осы мерзімді өткен жылмен салыстырсақ, 5 айда 1 837 ұрлық тіркелген. Соның 47-сі велосипед ұрлығына қатысты.

Тұрғындар велосипедті дүкеннен немесе сауда үйлерінен сатып алса, міндетті түрде құжаты, арнайы талоны болады. Құжатта нөмірі жазылады. Ал қолдан сатып алғанда көбіне тұтынушы құжатты талап етпейді. Тіпті велосипедтің нөмірі қай тұсында, қалай жазылатынынан да бейхабар боп шығады. Велосипедте нөмірі болса иесін табу да оңай.

Велосипед ұрлығының алдын алу және ұрлықтың жолын кесу мақсатында «Астана» сауда үйі, Локомотивная көшесіндегі «Мотовело» дүкені, орталықтағы «Мерей» базары, 6-шағынаудан, Шолохов көшесіндегі және «Мирлан» орталық базарындағы жеке кәсіпкерлік иелерімен кездесу өткізілуде.

Орал қалалық ПБ тәртіп сақшылары азаматтардан затына мұқият болып, сақтық шараларын әркез назарда ұстауды сұрайды.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале