28.09.2025, 15:30
Оқылды: 447

Оралда бес ересек адам мен бір нәресте бұзылған жеделсаты ішінде қалып кеткен

2025 жылы 28 қыркүйекте түнде Оралда құтқарушылар бұзылған жеделсаты ішінде қалып кеткен бір топ адамды, соның ішінде бір нәрестені құтқарды, деп хабарлайды Zakon.kz.

жп лифт (2)

Түнде Орал қаласының тұрғыны 112 қызметіне хабарласып, өзінің бір топ адаммен Ақан сері көшесінде орналасқан тұрғын үйдің біріндегі істен шыққан жеделсаты ішінде қалып кеткенін хабарлады. Оқиға орнына ТЖМ-ның құтқару жасағы дереу аттанды.

Олар арнайы жеделсаты кілтінің көмегімен есікті ашып, 6-шы және 7-қабаттар арасында тұрып қалған кабинаның ішінен 5 ересек адам мен 2025 жылы туылған нәрестені босатты.

Төтенше оқиға сәтті аяқталып, ешкімге медициналық көмек қажет болмағаны да нақтыланады.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале