19.09.2025, 15:30
Оқылды: 337

Оралда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды

Оралда бірнеше ұрлыққа қатысы бар күдікті ұсталды, – деп хабарлайды Polisia.kz.

3857ea70-2f8d-4c07-b1ab-6bf9f4cf0ef9

Сурет: polisia.kz

"Учаске" жедел-профилактикалық іс-шарасы барысында Абай полиция бөлімінің криминалдық полиция қызметкерлері облыс орталығы аумағында бірнеше ұрлық жасағаны үшін 30 жастағы Орал қаласының тұрғынын ұстады. Тергеу барысында ер адамның бір гараждың кірпіш қабырғасын бұзып кіріп, одан төрт қысқы автокөлік дөңгелегін ұрлап кеткені анықталды. Бұдан бөлек, ол тағы бір гаражға заңсыз кіріп, мүлікті жымқырған, сондай-ақ автокөліктердің құлпын бұзып, ішіндегі заттарды ұрлауға қатысы бар екені белгілі болды. Қазіргі таңда келтірілген шығын көлемі 1,2 млн теңге деп бағалануда. Жедел-іздестіру іс-шаралары барысында ұрланған мүлік тәркіленіп, заңды иелеріне қайтарылды. Аталған фактілер бойынша қылмыстық істер қозғалды. Күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оның осыған ұқсас басқа да қылмыстарға қатысы бар-жоғы тексеріліп жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале