Орал қаласының урбанистика орталығының мамандары мен полиция қызметкерлері бірлесіп Зачаган кенті аумағындағы бизнес нысандарына түсіндіру жұмыстарын жүргізді, деп хабарлайды Орал қаласы әкімдігінің баспасөз қызметі.

Іс-шара барысында кәсіпкерлік субъектілерінің сыртқы келбетін ретке келтіру, ғимараттардың сәулеттік талаптарға сәйкестігін сақтау, сондай-ақ жарнамалық мәтіндердің заңнама талаптарына сай рәсімделуі мәселелері түсіндірілді.
Мамандар тарапынан нысандардың эстетикалық келбетін жақсарту, маңдайшалар мен жарнамалық конструкцияларды біріздендіру бойынша ұсыныстар берілді. Сонымен қатар, кәсіпкерлерге қала келбетін қалыптастыруда ортақ жауапкершілік маңыздылығы атап өтілді.
Аталған жұмыстар алдағы уақытта да жалғасын табатын болады.