13.04.2023, 18:25
Оқылды: 132

Оралда бизнесмен Мұханғалиевті өлтіргендерді 15 жылға соттады

Бүгін мамандандырылған ауданаралық қылмыстық сотында кәсіпкер Еркін Мұханғалиевті өлтірді деген Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелді соңғы сөздерін айтты.

IMG-20230413-WA0227
Сот залында Руслан Қожантаев Еркін Мұханғалиевтің туыстарынан кешірім сұрады.

IMG-20230413-WA0224
«Мен қылмысымды мойындаймын, бірақ алдын ала келісіп, асқан қатігездікпен өлтірді дегенмен келіспеймін», - деді соңғы сөзінде Қожантаев.
Ал Тұрлан Амангелді болса, "Әділ шешім шығарасыздар", - деп үміттенемін, - деді.

-Менің қолымда Мұханғалиевтің қаны жоқ. Барлығыңыздан кешірім сұраймын, - деп аяқтады  сөзін.
Сотқа қатысқан прокурор Қожантаев пен Амангелдіні 20 жыл бас бостандығынан айыруды сұрады. Бірақ сот Руслан Қожантаев пен Тұрлан Амангелдіні 15 жылға соттады.
Бұдан бөлек оларға зардап шеккен тарапқа 15 млн. теңгеден материалдық төлем төлеу туралы шешім шығарды.
Естеріңізге сала кетейік, бүкіл Қазақстанды шулатқан қылмыстық оқиға былтыр 6 тамыз күні болған еді. Еркін Мұханғалиев - Оралға танымал мейрамхана бизнесін жүргізуші. Марқұмды былтыр айдың-күннің аманында өлтіріп кеткен болатын.

Сот шешімі заңды күшіне енген жоқ!

Жанат Көшкінбай

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале