6.04.2020, 10:14
Оқылды: 52

Оралда блокпостты айналып, қашқан жүргізуші ұсталды

Оралда карантиндік шектеу шараларына байланысты орнатылған блокпостты айналып, қашқан жүргізуші ұсталды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
5C1F0F63-EF66-4285-B6C9-D382351CFA23
БҚО полиция департаментінің ресми өкілі, полиция полковнигі Болатбек Белгібековтің айтуынша, оқиға бүгін сағат 04.50-де болды. 1991 жылғы жүргізуші «Тойота Камри» автокөлігімен полиция қызметкерлерінің талабына бағынбай, Жәңгір хан көшесі бойындағы блокпостты айналып өтіп, Орал-Атырау жолымен жүйткіген. Дегенмен ол Бәйтерек ауданы Щапов ауылы тұсында қолға түсті. Н. есімді азамат бұдан бұрын мас күйінде рульге отырғаны әрі жылдамдықты шектен тыс арттырғаны үшін 2018 жылдың желтоқсанында көлік жүргізу құқығынан айырылған болып шықты. Соған қарамастан, рульге қайта отырған. «Осы оқиға бойынша ҚР Әкімшілік құқықбұзушылық кодексі 612-бабы 3-бөлігі (көлiк құралын басқару құқығынан айырылған жүргiзушiнiң көлiк құралын басқаруы) және 613-бабы 3-бөлігіне (ішкі істер (полиция), көліктік бақылау органдары қызметкерінің Қазақстан Республикасының Мемлекеттік шекарасы арқылы автокөлік құралдарын өткізу пункттерінде және Қазақстан Республикасының аумағындағы көліктік бақылау бекеттерінде, әскери полиция органдары қызметкерінің талаптарын орындамау, алкогольдік, есірткілік және (немесе) уытқұмарлық масаң күйін куәландырудан өтуден жалтару) сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», деді ҚазАқпарат тілшісіне Б.Белгібеков. Еске сала кетейік, бұдан бұрын БҚО-да мас күйінде жол-көлік оқиғасын жасаған тұрғынның 4 жылға бас бостандығынан айырылғанын жазған болатынбыз. Ал бұдан бұрын Оралда қазақстандық блогердің карантинге қарамастан кеш өткізгенін жазған болатынбыз.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале