5.06.2025, 15:00
Оқылды: 155

Оралда боздақтарды еске алған «Мәңгілік сапта» акциясы өтті

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығының 5517 әскери бөлімінде қызметтік борышын өтеу барысында ерлікпен қаза тапқан жауынгерлерді еске алуға арналған «Мәңгілік сапта» атты патриоттық акция өтті.

WhatsApp Image 2025-06-05 at 15.50.34

Бұл тағылымды іс-шара 2016 жылғы маусым айында Ақтөбе қаласында орын алған қайғылы оқиғаның тоғыз жылдығына орай ұйымдастырылды. Ел жадында мәңгі сақталған сол бір сұрапыл сәтте террористік шабуылға төтеп беріп, бейбіт тұрғындарды аман алып қалу жолында Ұлттық ұланның үш бірдей жауынгері — қатардағы Досбол Сапар, кіші сержант Берікжан Қалиев және майор Даниэль Майлыбаев ерлікпен қаза тапқан болатын.

WhatsApp Image 2025-06-05 at 15.50.34 (1)

Митингке әскери бөлімнің жеке құрамы мен Ұлттық ұлан ардагерлері қатысты. Іс-шара барысында бөлім командирі, полковник Өміржан Сахатов сөз сөйлеп, ерлікпен қаза тапқан қарулас бауырлардың жарқын бейнесі мен қайсар мінезі туралы тебірене айтты:

— Олар ең қымбат – өз өмірлерін Отан үшін құрбан етті. Бұл — нағыз ерліктің, әскери антына адалдықтың жарқын үлгісі. Біз олардың есімін ұмытпай, әрқашан мақтанышпен еске алуымыз керек, — деді ол.

WhatsApp Image 2025-06-05 at 15.50.35

Митинг аясында қаза тапқан жауынгерлерді бір минут үнсіздікпен еске алынып, мемориал алдына гүл шоқтары қойылды. Ізін ала бөлімнің жауынгерлері сап түзеп, салтанатты маршпен өтіп, ерлік рухын паш етті.

ҚР Ұлттық ұланы «Батыс өңірлік қолбасшылығының
баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале