13.09.2019, 14:04
Оқылды: 32

Оралда «Digital inWest» халықаралық форумы өтуде

Облыста соңғы үш жылда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 401-ден 453 млрд. теңгеге дейін ұлғайды.
Экономиканың шикізаттық емес секторына бағытталған инвестициялар көлемі (мемлекеттік бюджетті қоспағанда) 77-ден 107 млрд. теңгеге дейін (1,4 есе) өсті. Сегіз айда негізгі капиталға салынған инвестициялар көлемі 36,5% -ға (332,7 млрд. теңге), шетелдік инвестициялар көлемі 74% -ға (250 млрд. теңгеге) өсті. Яғни негізгі капиталға салынған инвестициялардың жалпы көлеміндегі шетелдік инвестициялардың үлесі 75%. Бұл туралы бүгін Орал қаласында өтіп жатқан Digital іnWest форумда облыс әкімі Ғали Есқалиев айтты.

forum (8)

Өңірдің экономикалық мүмкіндігі мен инвестициялық әлеуетін арттырып, цифрландыруды дамытуға бағытталған халықаралық деңгейдегі форумға Қазақстан, Германия, Латвия, Израиль, Әзірбайжан елдерінің бизнес қауымдастықтарының, іскер топтарының, ІТ компанияларының, өнеркәсіп кәсіпорындарының өкілдері, барлығы 250-ден астам адам қатысты.

Форумда сөз алған Ғали Есқалиев шетел капиталын тарту және қолайлы инвестициялық ахуал қалыптастыру үшін облыста қолға алынған шараларға тоқталды.

forum (12)

Форум аясында өңір тауар өндірушілерінің экспортқа бағытталған өнімдерінің және ІТ жобалардың көрмесі өтуде.

-Экономикалық дамудың негізгі бағдары шикізаттық сектордан шикізаттық емес секторға көшу және экономиканың басым салаларына инвестициялар тарту болып табылады. Өңірдің инвестициялық ахуалын жақсарту, инвестициялар тарту және жоғары технологиялық жобаларды енгізу мақсатында белсенді жұмыстар атқарылуда. Даму институттарымен, атап айтқанда «ҚазақИнвест» ҰК» АҚ-мен өзара іс-қимыл жұмыстары жанданды. Биыл инвестицияларды тарту бойынша аймақтық кеңес 357 жұмыс орнын ашуға мүмкіндік беретін жалпы құны 32 млрд. теңгеге 6 жобаны мақұлдады. Сонымен қатар шетелдік инвесторлардың қатысуымен жалпы сомасы 170 млрд. теңгеден асатын 5 жоба (оның екеуі пайдалануға берілді) жүзеге асырылуда. Бұл жобалар қосымша 340 жұмыс орнын ұсынады. «Орал» ӘКК-де «Бір терезе» негізінде инвесторға ақпараттық, әдістемелік және консультативтік қолдау көрсетуге арналған «Инвесторларға қызмет көрсету орталығы» (ИЫҰ) құрылды,-деген Ғали Исқалиев «Цифрлық Қазақстан» мемлекеттік бағдарламасы аясында 140-тан астам жобаның қолға алынғанын мәлімдеді.

-Президентіміз Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, экономиканы жаппай цифрландыру мүлде жаңа саланың пайда болуына алып келеді. Біз де уақыт талабына сай болуымыз қажет. Әлемде орын алып жатқан пайдалы жаңа өзгерістерден қалмау үшін, барлығымыз жұмыс тәсілдерімізді, басқару құралдарымызды жаңғыртып, оң өзгерістерге жол беруіміз керек. «Digital Aqjaiyq» аясында енгізілетін жаңа технологиялар мен шешімдер – өңіріміздің барлық саласына едәуір серпін беретіні сөзсіз,-дей келе өңір басшысы облыстың геоақпараттық порталын іске қосу бойынша жұмыстарға, BITRIX-24 жүйесі негізінде құрылған «БҚО жобалау кеңсесі», iKomek109 қалалық бірыңғай коммуналдық қызметі, 112 бірыңғай кезекшілік диспетчерлік қызметі, өңірге келген қонақтар мен туристерге арналған www.visit-uralsk.kz сайты, биылдан бастап барлық мектептерде іске қосылған «Виртуалды ІТ зертханалар», құрылыс және жобалау саласына арналған 3D CAVE цифрлық жобалары туралы кеңірек әңгімеледі.

forum (1)

Форумның пленарлық бөлімінде сөз алған Әзірбайжан Республикасының Қазақстандағы төтенше және өкілетті елшісі Рашад Маммаев, Латвия Республикасының Қазақстан Республикасындағы Сыртқы экономикалық өкілдігінің жетекшісі, Латвия Республикасы Экономика министрлігінің кеңесшісі Владимир Самойленко, Қазақ - Герман аграрлық-саяси диалогының жетекшісі Иорг Динкелакер, «CEO Isratech» компаниясының өкілі Анатолий Коломинский, «КАС Консалтинг» директоры Ирина Сулименколар бүгінде Қазақстанда, соның ішінде Батыс Қазақстан облысында іскерлік бастамалар мен инвестицияларды жүзеге асыру үшін қолайлы жағдай жасалғанын айтты. Спикерлер өз елдеріндегі инвестиция тарту және цифрландыру аясындағы жетістіктер туралы әңгімелеп, тәжірибелерімен бөлісті. Ортақ өзекті мәселелерді қозғап, бірлескен жобалардыжүзеге асыруға мүдделі екендіктерін жеткізді.

forum (2)

Түстен кейін форум жұмысы SmartCity-ды дамыту, ТҮКШ пен өнеркәсіпті цифрландыру, Инновациялық экожүйені дамыту және агроөнеркәсіп кешенін цифрландыру сессиялары бойынша талқылаулармен жалғасты. Жиында әлеуеті жоғары инвесторларға барынша тиімді жағдай жасау мәселесіне ерекше көңіл бөлінді. Бірлескен нақты инвестициялық жобалар айқындалып, ынтымақтастық туралы бірқатар меморандумға қол қойылды. Форумға қатысушылар қол жеткізілген уағдаластықтар елдер арасындағы сауда-экономикалық және инвестициялық байланыстарды одан әрі нығайтудың негізі болатынына сенім білдірді.

forum (3)

Динара Жұмабекқызы

суретке түсірген Мейірбек Тажкуранов

zhaikpress.kz

forum (4) forum (6) forum (10) forum (11) forum (13) forum (16) forum (17) forum (19) forum (20) forum (22) forum (24) forum (25)

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале