15.11.2017, 17:45
Оқылды: 44

Оралда «Дін және ұлттық тарих» атты республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті

IMG_1694Облыстық қазақ драма театрында «Дін және ұлттық тарих» тақырыбында республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті. Конференцияға ҚР Дін істері және азаматтық қоғам министрі Нұрлан Ермекбаев пен облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

- Бүгінгі мәселе туралы айтсам, дін - адам үшін аса маңызды нығмет. Сондықтан ол тек жасампаздық жолында қызмет етуі керек. Қазір бұл бағытта облысымызда жұмыстар тындырылуда. Мәселен, 14 ақпарат тобының күшімен күні бүгінге дейін 302 шара іске асты. 12 діни ұйым заң шеңберінде әрекет етеді. Сарапшылардың пайымдауынша, өңір халқының 86 пайызы діннен хабардар. Демек, барлық мүдделі тараптарды, соның ішінде дін өкілдерін де қатыстыра отырып, қоғамда ұлтаралық және дінаралық татулық пен ынтымақтың қалыптасуын қамтамасыз етуіміз керек, - деді өңір басшысы Алтай Сейдірұлы.

IMG_1710Әрі қарай конференцияға қатысушылар ҚМДБ-ның наиб мүфтиі, бас мүфтидің бірінші орынбасары Ораз Серікбайдың, философия ғылымдарының докторы Амангелді Айталының, Қожа Ахмет Яссауи атындағы халықаралық қазақ-түрік университетінің «Яссауи» ғылыми-зерттеу орталығының директоры, профессор Досай Кенжетаевтың, «Нұр-Мүбәрак» университетінің исламтану мамандығының докторанты Нұржан Стамбакиевтің, М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың доценті Жаңабек Жақсығалиевтің баяндамаларын тыңдады.

Конференцияның жұмысы түстен кейін секциялық отырыстарда жалғасын тапты. Шара соңында арнайы үндеу қабылданып, аталмыш басқосудың материалдар жинағы жарияланымға ұсынылды.

Серік   ІЗБАСАРҰЛЫ,

«Орал  өңірі»

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале