Оралда екі адамды қағып кеткен мас жүргізуші қамауға алынды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі. Айта кетейік, осыған дейін жол апаты туралы жазған болатынбыз.
Батыс Қазақстан облыстық полиция департаментінің баспасөз қызметінен хабарлағанындай, кеше шамамен сағат 22.30-да 1989 жылғы жүргізуші «ВАЗ-21150» автокөлігімен Самара-Шымкент күре жолында «Краснов» полиция бекеті тұсында қарсы бетке шығып кетіп, екі адамды қақты.
Соның салдарынан «Вольво» автокөлігінің 1983 жылғы Г. деген жүргізушісі оқиға орнында көз жұмды. Оған қоса БҚО полиция департаменті жол-патрульдік полиция батальонының 1990 жылғы инспекторы түрлі жарақат алып, ауруханаға жатқызылды.
Жол-көлік оқиғасынан кейін «ВАЗ-21150» автокөлігінің жүргізушісі оқиға орнынан бой тасалауға тырысты.. Алайда полиция қызметкерлерінен құтыла алған жоқ. Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші орта дәрежедегі мас күйінде болған.
Медициналық куәландыру қорытындысына сәйкес жүргізуші орта дәрежедегі мас күйінде болған.
Аталған дерек бойынша ҚР ҚК 345-бабы 3-бөлігіне сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.
Ұсталған жүргізуші ҚР Қылмыстық істер жүргізу кодексі 128-бабының тәртібімен уақытша оқшаулау изоляторына қамалды.
© zhaikpress.kz
Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер