8.02.2021, 9:31
Оқылды: 57

Оралда “Екі әлем” атты музыкалық шоу байқауы өтті

Жуырда Орал қаласының мәдениет және тілдерді дамыту бөлімі Жастар мәдениет үйінің ұйымдастыруымен “Екі әлем” атты музыкалық шоу байқауы өтті.

кон3

Музыкалық шоу байқаудың мақсаты – өзге саланың мамандары мен кәсіби әншіні жұптастырып, ән айтқызу. Байқау талабы бойынша фонограмма қолданылмай, қатысушылар тек жанды дауыспен ғана ән шырқады.

Әр кезеңде белгіленген тақырыпқа сай 10 жұп қатысып, әндер орындады.

Айта кету керек, музыкалық байқау 2020 жылдың қараша айынан басталды. Осы уақытқа дейін байқаудың қатысушылары «Халық әндері», «Той әндері», «Ретро әндер» және «Әлемдік блокбастер» (Танымал фильмдердің саундтректерін орындау) кезеңдері бойынша сынға түстіп, жаңа қырларынан танылды.

кон4

І кезең бойынша алдын-ала таңдалған 10 жұп халық әндерін нақышына келтіре орындаса, ІІ кезеңде той әндерін шырқады. ІІІ-ші ретро әндер кезеңінде байқау қатысушылары есті әндер шырқап, қазылар алқасы мен әлеуметтік желі көрермендерінің 70-80 жылдардағы жастық шағын еске түсірсе, ІV кезеңде көпшілікке танымал, әлемдік  фильмдерге арнап жазылған саундтректерді орындап, кино әлеміне саяхат жасады. Ақтық кезеңде қатысушылар жанына жақын еркін тақырыпта әндерін орындады.

кон1

Байқау қатысушыларына ҚР Еңбек сіңірген қайраткері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі Ж.Хасанова, "Ерең еңбегі үшін" медалінің иегері, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының әншісі, композитор Ж.Ғайсағалиев, Ғ.Құрманғалиев атындағы облыстық филармониясының көркемдік жетекшісі, «Ерен еңбегі үшін» медалінің иегері, әнші Еркін Өтегенов, т.б. танымал өнер өкілдері бастаған өнер майталмандары қазылық етті.

Соңғы кезеңде бойындағы бар талантын таразыға салып қазылардың да, көрерменнің де көңілінен шығу үшін аянып қалмай, төрт кезеңді артқа тастаған үздіктер анықталды.

Ақтық кезде «Сәби бақыты» әнін орындап, жүректен шыққан үндерімен қазылар алқасының жанарын жасқа толтырған Рүстем Кереев пен Асылбек Қаресов "Екі әлем" музыкалық шоу байқауының бас жүлдесін жеңіп алды.

«Формат» тобының репертуарынан попурри орындаған Хайруллин Мейрамбек пен Әсел Кажимова І орынды, халық әні "Ақ сыйсаны" орындаған Аслан Зинеденов пен Мергул Джакупова ІІ орынды, терең тұңғиыққа батырып, бір сәт тарихқа қарап ойландыратын "Өлмейтіндер" әнін орындаған Рүстем Хафизов пен Шырайлым Гусманова ІІІ орынды еншіледі.

Байқау барысында ерекше көзге түсіп, әлеуметтік желілерде көрермендердің көз айымына айналған Абай Серіков пен Ақмарал Ахметова «Көрермен көзаймы», Сабыржан Рысқалиев пен Бибігүл Берекетова «Жарасымды жұп», Тарас Жауынбаев пен Айгерім Ибатуллиева «Талантты жұп», Дамир Теміргалиев пен Аэлита Ерсайынова «Самая вышка жұбы», Руслан Мақымов пен Назира Хибашева «Инстаграмм жұбы», Азат Қабиев пен Раушан Кимран

«Ең әдемі жұп» аталымдарына ие болды.

Жүлдегерлер дипломдармен марапатталып, сыйлықтар табысталды.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале