18.11.2020, 10:01
Оқылды: 33

Оралда екі жүк көлігінің арасына қыстырылып қалған жүргізуші мерт болды

 Оралда екі жүк көлігінің арасына қыстырылып қалған жүргізуші мерт болды, деп хабарлайды ҚазАқпараттың БҚО-дағы тілшісі.

5EE72DC6-C6CE-4B7A-8FC0-7CE6EBF1DCEB

БҚО Полиция департаментінің ресми өкілі Болатбек Белгібековтің мәлім еткеніндей, оқиға 18 қараша күні сағат 01.00 шамасында «Құс фабрикасы» шағынауданындағы «Алатау» кемпингі тұсында болды. Түркістан облысының 34 жастағы тумасы өзінің жүк көлігінің артқы шамдарын сүртіп, қарап жатқан кезде көлік жылжып кеткен. Сөйтіп оны келесі жүк көлігіне қысып тастаған. Қазіргі уақытта бұл дерек оқыс жағдай ретінде тіркеліп отыр. БҚО денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің нақтылауынша, жедел жәрдем сағат 01.00-де шақырылды. Ер адам жедел жәрдем келгенге дейін көз жұмды.

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале