27.03.2020, 15:14
Оқылды: 39

Оралда елуден астам көшенің аты өзгерді

БҚО мәслихатынан түскен мәліметке қарағанда, Оралдағы бірқатар көшеге елімізге кеңінен танымал адамдардың есімдері берілді.

90DDEDCE-944B-4B6F-91CD-2D740A0B7927

Атап айтқанда, Алмазов көшесі енді қазақтың ұшқыш қызы, Халық қаһарманы Хиуаз Доспанованың, Комсомол көшесі жазушы, мемлекет қайраткері, Қазақстанның Еңбек Ері Әбіш Кекілбаевтың, Придорожная көшесі академик, ғалым Әлкей Марғұланның, Фрунзе көшесі ақын Қайрат Жұмағалиевтің, Чагано-Набережная көшесі Исатай-Махамбеттің атымен аталады. Ковыльная көшесіне жазушы Ілияс Есенберлин, Петровский көшесіне тағы бір қаламгер Герольд Бельгер, Полевая көшесіне саяхатшы-ғалым Григорий Потанин, атаусыз «21» көшесіне Шәкәрімнің есімдері берілді. «Белая казарма» шағынауданы «Ақбекет» болып аталды. Сондай-ақ бірқатар көшелер қазақша атауға ие болды. БҚО әкімдігі мен облыстық мәслихаттың бірлескен қаулысы мен шешімі облыстық әділет департаментінде тіркелді. Еске сала кетейік, бұдан бұрын Ақсай қаласындағы орталық көшеге әл-Фарабидің есімі берілгенін жазған болатынбыз.

ҚазАқпарат

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале