18.10.2025, 17:08
Оқылды: 125

Оралда «Еңбек. Адам. Құрмет» жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті

Батыс Қазақстан облысында Жұмысшы мамандықтар жылы аясында еңбек адамдарының қоғамдағы мәртебесін арттыру және жастарды кәсіби бағытта ынталандыру мақсатында «Еңбек. Адам. Құрмет» атты жұмысшы мамандықтар фестивалі өтті.

fca34720-0cdb-459a-9eba-2eda852b4201

Ауқымды шараны Батыс Қазақстан облысы әкімдігі мен «AMANAT» партиясының облыстық филиалы бірлесіп ұйымдастырды.

25346dcb-a3b6-447d-ae9a-d629efa02667

Фестивальдің негізгі мақсаты — өңірдегі техникалық және кәсіптік білім беру ұйымдарының жетістіктерін кеңінен таныстыру, жұмысшы кәсіптердің маңызын дәріптеу және еңбек адамын құрметтеу болды.

1ea9cf37-ed9d-4659-bda7-1dc97182e92e

Іс-шара Орал қаласындағы «Атамекен» өнер ордасында өтті. Фестивальге облыс әкімі Нариман Төреғалиев, мемлекеттік органдардың өкілдері, арнаулы оқу орындарының ұстаздары мен студенттері, сондай-ақ еңбек ардагерлері қатысты.

Фестивальдің ашылу салтанатында сөз сөйлеген облыс әкімі Нариман Төреғалиев еңбек адамдарының қоғамдағы рөлін ерекше атап өтті:

0c040259-358b-4ec6-9540-4199e3b9e113

«Бүгінгі таңда еліміздің экономикасы мен әлеуметтік дамуы – қарапайым еңбек адамдардың қолында. Біздің өңірде де түрлі салаларда маңдай терімен ел дамуына үлес қосып жүрген мыңдаған мамандар бар. Бұл фестиваль – сол жандарға деген құрметтің, ризашылықтың көрінісі. Жастарымызды адал еңбекке, кәсіби шеберлікке баулу – біздің ортақ міндетіміз», – деді аймақ басшысы.

Әкім өз сөзінде облыс бойынша техникалық және кәсіптік білім беру жүйесін қолдау бағытында бірқатар жобалар жүзеге асып жатқанын да атап өтті.

396abfd4-684f-4412-9482-c4f427315abf
Фестиваль аясында өңірдің арнаулы оқу орындарының көрмесі ұйымдастырылып, студенттер өздерінің кәсіби жобалары мен жетістіктерін көпшілік назарына ұсынды. Сонымен қатар, облыстың 12 ауданы өз павильондарын дайындап, жұмысшы мамандықтар көрмесін, ауыл шаруашылық техникасы мен құрал-жабдықтар көрмесін өткізді.

92493689-8189-4d45-ab1e-2cfdc206ae17

Келушілер үшін ұлттық спорт түрлері бойынша сайыстар, жергілікті дизайнерлердің ұлттық нақыштағы киім көрсетілімі, фотографтар көрмесі және бос жұмыс орындары жәрмеңкесі ұйымдастырылды.

996ea076-f20b-4f42-8609-a2d026082872

Фестиваль соңында өз саласында үздік нәтижеге қол жеткізген еңбек майталмандары мен жас мамандар облыс әкімінің Алғыс хаттарымен және естелік сыйлықтармен марапатталды.

Фото мен ақпарат авторы: Бекзат Қанәділ

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале