11.10.2024, 17:30
Оқылды: 211

Оралда эпидемиолог дәрігер қос қызына АПВ-ға қарсы екпе салдырды

Елімізде жатыр мойны обырының негізгі қоздырғышы – адам папилломасы вирусына қарсы вакцинациялау жүріп жатыр.

e65d8909-f288-40bd-9666-981eb751f6be

БҚО-да 19 қыркүйектен бастап 11 жастағы қыздарға вакцина және 12, 13 жастағы қыздарға толықтырылған вакцина салынып жатыр. Бұл туралы БҚО санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті басшысының орынбасары Нұрлыбек Мұстаев айтты.

9be76e9c-d6fe-4620-8538-544ff0c482ea

Қазірге дейін облыста 800-ден астам қыз бала екпе алған.

Соларды бірі болып БҚО СЭБД инфекциялық және паразиттік ауруларды бақылау бөлімінің бас маманы Жұлдыз Каримова 12 және 13 жастағы қызына вирусқа қарсы екпе салдырды.

a4145c3d-6849-48d0-a3e8-02ca933217bf

Жұлдыз Сүлейменқызы маман және ана ретінде, болашақта қыздарды жатыр мойны обырынан қорғау мақсатында жасалып жатқан мүмкіндікті тиімді қолдану керектігін айтып өтті.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале