Оралда КСРО спорт шебері, КСРО халықтары спартакиадасы және КСРО біріншіліктерінің бірнеше дүркін жеңімпазы Сайлау Мұқашевтың жүлдесі үшін еркін күрестен ересектер арасында, 2004-2006 жылы туылған және одан да кіші жасөспірімдер арасындағы республикалық ашық турнир өтуде.
Жарыстың ашылу салтанатында Сайлау Мұқашевтің замандастары мен бір топ шәкірттері қатысып, жылы лебіздерін білдірді. Риода өткен ХХХI жазғы олимпиада ойындарының қола жүлдегері Екатерина Ларионова мен Будапештте өткен әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Нұрлан Бекжанов жарысты тамашалады.
Аталмыш республикалык ашык турнирде шәкірттері атынан Бауыржан Бекайдаров Сайлау ағамыздың иығына қазақы дәстүр бойынша шапан жауып, сый-сияпат көрсетті.
Жарысқа Ақтөбе, Атырау, Жамбыл, Қызылорда, Маңғыстау облыстары мен өңіріміздің әр ауданынан барлығы 13 команда қатысып, өз бақтарын сынауда.
Темірболат Әнуарұлы