19.02.2020, 12:10
Оқылды: 34

Оралда есірткі сататын сайттар анықталды

Орал қаласының прокуратурасы интернет-ресурстарға мониторинг жүргізу барысында есірткі құралдары мен психотроптық заттарды, олардың аналогтары мен прекурсорларын насихаттайтын 8 сайтты анықтады. Бұл  «Бұқаралық ақпарат құралдары туралы» Заңының 2-бабының талаптарына қайшы.

esirtki saittar jabyldy

Сайттардағы ақпараттың Қазақстан Республикасының аумағында жариялануы заңсыз болғандықтан, сондай-ақ  оларды жабу үшін Орал қаласының прокуратурасымен сайттарды заңсыз деп тану туралы сотқа талап арыз берілді. Азаматтық процестік кодекстің 54-бабына сай адамдардың, қоғамның және мемлекеттің, егер бұл адамдардың өмірі, денсаулығының қауіпсіздігі үшін орны толмас салдарларды болғызбау үшін қажет болса, бұзылған құқықтарын қалпына келтіру және мүдделерін қорғау үшін прокурор сотқа арызбен жүгінуге құқылы.

2020 жылғы 27 қаңтарда прокурордың арызы қанағаттандырылып, сайттар заңсыз деп танылды. Шешімнің орындалуы Ақпарат және қоғамдық даму министрлігіне жүктелді. Сот актісі заңды күшіне енген жоқ.

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале