Су апаты қаупі сейілген жоқ. Өңір жұрты түгелдей тасқынның алдын алу жұмысына жұмылдырылды. Сын сағатта елмен бірге екенін көрсеткен "Ақжайық" футбол клубының ойыншылары мен бапкерлік құрамы бөгет салу жұмысына атсалысты.
Елге қауіп төнгенде жаттығуын тастап, қол ұшын беруге асыққан футболшылар қиын сәтте қашан да елмен бірге болатынын көрсетті.
- Елімізде орын алған қиындық ешкімді бей-жай қалдырмады. Тілсіз жау етектен алғанда "Ақжайық" футбол клубының ойыншылары елмен бірге болады. Қолымыздан келгенше көмек көрсеттік. Ел үшін, азаматтардың амандығы үшін аянып қалмаймыз, - деді команда капитаны Бауыржан Омаров.
Түгелбай Бисен,
zhaikpress.kz