18.10.2019, 16:19
Оқылды: 236

Оралда ғалым Отарәлі Бүркітовтің туғанына 65 жыл толуына орай ғылыми конференция өтті

Батыс Қазақстан инновациялық-технологиялық университетінде «Мемлекеттік тілдің ұлтаралық қатынас тіліне айналу үдерісі» деген тақырыпта республикалық ғылыми-тәжірибелік конференция өтті.

 otarali (5)

ҚР білім беру ісінің құрметті қызметкері, филология ғылымдарының докторы, профессор Отарәлі Бүркітовтің туғанына 65 жыл толуына орай ұйымдастырылған жиынға еліміздің біраз өңірінен ғалымдар келді.

otarali (3)

Жиынды ашқан аталмыш ЖОО-ның профессоры, филология ғылымдарының докторы Мұрат Сабырдың айтуынша, конференцияның мақсаты – қазіргі қазақ тілінің жаһандану тұсындағы ғылыми-практикалық әлеуетін саралау, мемлекеттік тіл мәртебісін нықтау, тіл білімінің өзекті мәселелерін талқылау. Сондай-ақ жаңартылған мазмұнда білім берудегі инновациялық технологиядың қолданылуымен танысу және бар саналы ғұмырын қазақ тілі біліміне арнаған ел ағасы Отарәлі Бүркітұлының ғылыми мұрасын талқылап, азаматтық тұлғасын жас ұрпаққа таныстыру көзделді.

otarali (6)

Алғаш болып баяндама жасаған Л.Гумилев атындағы ЕҰУ-дың профессоры, филология ғылымдарының докторы Жантас Жақыптың сөзіне қарағанда, аталмыш университеттің тіл білімі кафедрасы лингвофольклортануға дейін пәнаралық бағытты енгізіп, зерттеумен айналысуда. Қазір «Қазақ фольклорын тілдік-жанрлық зерттеу» тақырыбында жобалық жұмыс орындалуда. Осы жобаға Отарәлі Бүркітовтің ғылыми зерттеулері пайланылып жүр.

Жиында сондай-ақ Қ.Жұбанов атындағы Ақтөбе өңірлік мемлекеттік университетінің, Х.Досмұхамедов атындағы Атырау мемлекеттік университетінің, Махамбет атындағы БҚУ-дың ғалымдары баяндама жасады.

 

Сәкен Әбілхалықов

суретке түсірген Эльвира Меңдіғали

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram-дағы парақшамыздан және Telegram арнамыздан алғашқы болып біліңіздер

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале