6.02.2026, 15:15
Оқылды: 13

Оралда газ тасығыштың жануы сөндірілді

Бүгін 112 пультіне Орал қаласы Конкин көшесіндегі ЖШС аумағында газ тасығыштың дөңгелектерінің жануы туралы хабарлама келіп түсті. Бұл туралы ҚР Төтенше жағдайлар министрлігінің ресми телеграм каналы жазды.

Снимок экрана 2026-02-06 134655

Оқиға орнына ТЖМ күштері мен құралдары жоғары дәрежемен жіберілді. Өрт сөндірушілер 15 текше метр газ тұрған газ цистернасын салқындату бойынша жұмыстар жүргізді.
Өрт сөндірушілердің жедел және үйлесімді әрекеттерінің арқасында цистернаның жарылысын болдырмау мүмкін болды. Өрт толығымен сөндірілді.
Зардап шеккендер жоқ. Өрттің себебі анықталуда.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале