10.12.2025, 19:04
Оқылды: 7

Оралда «Гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күн» акциясы қорытындыланды

Достық үйінде «Адал азамат – қоғам тірегі» атты дөңгелек үстел өтіп, гендерлік зорлық-зомбылыққа қарсы 16 күндік акцияның қорытындысы жасалды.

f9d2a681-9b84-4739-bdbb-7e787aa1aefe

Жиынға прокуратура, полиция, қоғамдық ұйымдар, ғалымдар мен аналар кеңесі өкілдері қатысып, өз салаларындағы нақты мәселелерді ашық талқылады.

3ca997bd-d7c4-4c73-946d-2f4ed6bba9aa

Спикерлер зорлық-зомбылықтың алдын алуда заңның қаталдығы, полицияның жедел әрекеті және қоғамның үнсіз қалмауы шешуші рөл атқаратынын айтты.

c6a9ed6b-fdea-4b20-946e-c9fce13b0045

Сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік, балалардағы буллинг, ер-азаматтардың отбасы тәрбиесіндегі орны секілді маңызды мәселелер де күн тәртібіне шығарылды.

0fd10592-b961-4ce6-8516-2b39fa49d82f

Әр сөз бен ұсыныс қоғамдағы тәртіп пен отбасылық қауіпсіздікті күшейтуге бағытталды. Кездесу соңында барлық тарап тек бірлескен әрекет пен тұрақты жұмыс қана зорлық-зомбылықтың азаюына ықпал ететінін атап өтті.

7e032405-0734-4c01-953b-78a7955b7d6c

aff345e0-762e-4554-9a18-9339e865ee17

Жанерке Мерекеқызы

Суретке түсірген: Мәди Салық

«Орал өңірі»

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале