Облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығында XVІI Халықаралық ғылыми жарысқа қатысушыларды іріктеу және дарынды балаларды анықтап дамыту, оларға қолдау көрсету мақсатында «Ғылым әлемін ашамыз» облыстық қашықтық көрме-байқауы өтті.
Байқауды өткізудегі басты мақсат – оқушылардың жер және ғарышты зерттеу туралы ғылымға қызығушылығын арттыру, жаратылыстану-математикалық, астрофизикалық, ғарыштық технология ғылымдары бағытындағы зерттеу жұмыстарына тарту.
Байқауға онлайн түрінде ZOOM платформасы арқылы өтті. Көрме-байқауға барлық аудандық, Орал қаласының №5, №27, №42, №46, Батыс Қазақстан облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған ақпараттық технологиялар мектеп-лицей-интернаты оқушылары, облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп интернатының оқушылары, облыстық балалар техникалық шығармашылығы орталығының тәрбиеленушілері қатысты.
Барлығы 54 тілек білдірушінің ішінен 42 ғылыми жобалық жұмыс сараланды.
Облыстық көрме-байқау «Ғарыштық техника және инфрақұрылым», «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу», «Экология және ғарыштық қызмет», «Астрофизика және Дүние жүзінің эволюциясы», «Күн жүйесі» сынды бес секция бойынша өтті.
«Ғарыштық техника және инфрақұрылым» секциясы бойынша Юмдасова Элиза (облыстық балалар техникалық орталығы, жетекшісі Кушегалиев А.А), «Ғарыштық ақпараттық технологиялар және модельдеу» секциясы бойынша Мендыхан Альмира, Тельманова Адема (Орал қаласы №42 мектеп гимназиясы, жетекшісі Каримгалиева А.Н), «Экология және ғарыштық қызмет» секциясы бойынша Сағындықов Елшат (Ақсай қаласы, №1 ЖОББМ, жетекшісі Мурзашева М.Б), «Астрофизика және дүниежүзінің эволюциясы» секциясы бойынша Абхиев Асан (облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп интернаты, жетекшілері Меңдыбаева Г.Б., Ахмедияров Н.О.), «Күн жүйесі» секциясы бойынша Темирханов Темирлан, Табылдыева Мадина (облыстық дарынды балаларға арналған мамандандырылған С.Сейфуллин атындағы №11 қазақ мектеп интернаты, жетекшілері Кинишева В.Н., Упагалиева Г.Ш) байқау жеңімпазы болып танылып, дипломдар және бағалы сыйлықтармен марапатталды.
БҚО білім басқармасының баспасөз қызметі