14.11.2024, 22:00
Оқылды: 36

Оралда ірі кәсіпорын қызметкерлерімен кездесу өтті  

Медициналық қызметтердің сапасын жақсарту және міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру (МӘМС) жүйесі туралы халықтың хабардарлығын арттыру бағдарламасын іске асыру шеңберінде кәсіпорын қызметкерлерімен және басшылығымен кездесулер ұйымдастырылды.

1

Бұл кездесулердің негізгі мақсаты МӘМС жүйесі ұсынатын мүмкіндіктер мен артықшылықтар туралы хабардар ету, сондай-ақ сақтандыру мәртебесіне, медициналық қызметтерге қолжетімділікке және медициналық ұйымдармен өзара іс-қимылға қатысты мәселелерді шешу болды. Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Батыс Қазақстан облыстық филиалының халықты ақпараттандыру және өтініштерді қарау бөлімінің басшысы Қуаныш Сансызбаевтың бастауымен  «НефтеСтройСервис ЛТД» ЖШС, «Uniserv» ЖШС және «Лигабуе Орта Азия» ЖШС мен  «Карат» ЖШС сонымен қатар  Стратегиялық жоспарлау және реформалар агенттігі Ұлттық статистика бюросының БҚО бойынша департаментінің қызметкерлерімен кездесу ұйымдастырылды.

Мұндай кездесулерде филиал мамандары МӘМС жүйесінің ірі кәсіпорындардың қызметкерлері үшін медициналық қызметтердің қолжетімділігі мен сапасына қалай әсер ететіні, медициналық қызметтерге құқық туралы, сондай-ақ медициналық қызметтерді алуда проблемалар туындаған жағдайда қызметкерлердің көмекке қалай жүгінетіні туралы егжей-тегжейлі айтып берді.

МӘМС жүйесінің жұмыс принципі туралы мәселелерге ерекше назар аударылды: әрбір қызметкер міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру шеңберінде медициналық қызмет көрсету құқығын қалай пайдалана алады және МӘМС жүйесінде сақтандырылған болу үшін қандай қадамдар жасау керек.

Осы кездесулердің арқасында медициналық сақтандыру жүйесін одан да тиімді және барлық азаматтар үшін қолжетімді ету үшін медициналық ұйымдармен бірлесіп шешілетін бірқатар проблемалық мәселелерді анықтауға қол жеткізілгенін атап өту маңызды.

 «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КеАҚ  Батыс Қазақстан облысы бойынша филиалы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале