2.10.2018, 12:02
Оқылды: 236

Оралда IV қайырымдылық балы өтті (ФОТО)

«Қайыр» қайырымдылық қорының бастамасымен Орал қаласында төртінші мәрте қайырымдылық гранд балы өтті. Биылғы кеш «Place of  mercy» - «Мейірімділік мекені» тақырыбына арналды.

Темирболат Токмамбетов11

         Әсем безендіріліп, сыңғырлап тұрған су жаңа «Ақ сарай» мейрамханасының алдына қызыл кілем төселген еді. Шараға ат артып Елордадан арнайы келген Гүлнұр Оразымбетова, Асылхан Төлепов, Тамара Асар, Мөлдір Әуелбекова, Рүстем Жүгінісов, Нұрболат Абдуллин, Төреғали Төреәлі, Нұрлан Қоянбаев, «Бастау» тобы секілді танымал әнші-әртістер оралдықтармен жылы шыраймен амандасып, кілем үстімен төрге озды.

  Биылғы махаббат пен мейірімділікті арқау еткен салтанатты шараның басты символы бір бүйрегін бейтаныс бойжеткенге беріп, адам өміріне араша түскен Абзал Әбілов пен оның жары Әйгерім болды. Қонақтардың жүрегіне жылылық ұялатқан кешті облыс әкімінің орынбасары Ғабидолла Оспанқұлов лебізімен ашты.

         - Еліміз тәуелсіздік алғалы бері көптеген жетістікке жетті. Еліміздің көркеюіне Ақ Жайық елінің қосқан үлесі зор. Былтыр халықаралық дәрежедегі үлкен шаралар өтті. Мұның барлығы қазақ елінің әлемдік деңгейде мойындалғанын көрсетеді. Елбасымыз Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев экономикалық және саяси жаңғыру қарқын алуымен қатар, рухани жаңғыруға үндеген өзінің «Болашаққа бағдар: рухани жаңғыру» атты бағдарламалық мақаласын жариялады. Біз бақытты ұрпақпыз. Еліміздің дамуына әрқайсымыз үлес қосатын дәрежеге жеттік. Бірлесіп еңбек етсек, елімізді жаңа белеске көтеретін боламыз. Бүгінгі шараға бір кісідей атсалысып, қолдау білдірген қонақтарымызға алғыс айтамыз. Қайырымдылық шараға қатысып, жастармен кездесіп, кештерге қатысқан өнер адамдарына алғысымды білдіремін. Қайырымдылық балды ұйымдастырып келе жатқан Алпамыс Шаримовке ерекше ықыласымды білдіремін, - деген Ғабидолла Абдоллаұлы  дебютанттарға да алғыс айтып, пайдалы, қайырымды істер көп болсын деп тіледі.

         Шоу жүргізуші Сергей Жужа, танымал тележүргізуші Нұрбигүл Егізова, актер Асылхан Төлепов және медиаменеджер, тележүргізуші Динара Сәтжан тізгіндеген шара барысында әсем әуен мен әуезді ән қалықтады. Бір ай бойы дайындалып, жарасымды жұп құрған 120 дебютант орындаған түрлі жанрдағы билері ерекше көрінді. Ал кештің басты қонағы болған Гүлхая Жуашбаева көрерменді өз өнерімен тәнті етті. «Qazaqstan» ұлттық арнасындағы «Жан жылуы» бағдарламасы арқылы танылған Гүлхая туғанынан зағип. Алайда жанары көрмесе де, жүзі жылы ару М. Әуезов атындағы Оңтүстік Қазақстан мемлекеттік университетінін тәмамдап, бүгінде Астанадағы  Е.Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде білім алуда. «Сөнбес сәуле» әнін орындаған ол өзіне қолдау білдіреген барша жанға алғысын айтты. Осы қайырымдылық шарасынан жиналған қаражат Гүлхая Жуашбаеваның ем-домына берілмекші.

         Шараның жоғары деңгейде өтуіне «Ақ сарай» рестораны, «O`Lala» сұлулық салоны, «Балзия» кондитерлік тағамдар желісі секілді бірнеше жеке кәсіпкер демеушілік көрсетті.

Ясипа РАБАЕВА,

суреттерді түсірген Темірболат ТОҚМАМБЕТОВ, Динара КИНДЕРБАЕВА

zhaikpress.kz

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтары біздің Telegram-парақшамызда. Жазылыңыздар!

Темирболат Токмамбетов02 Темирболат Токмамбетов04 Темирболат Токмамбетов05 Темирболат Токмамбетов06 Темирболат Токмамбетов07

 

 

 

 

1

3 4 2 Темирболат Токмамбетов01

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале