Оралда із-түзсіз кеткен 39 жастағы ер адам іздестіріліп жатыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
Фото: БҚО полиция департаменті
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен мәлім еткендей, Ерлан Сариев Орал қаласындағы Ғ. Құрманғалиев көшесі, 1/3-үйде тіркелген.
Ресейде тұратын анасының сөзіне қарағанда, баласымен желтоқсан айында хабар үзілген. Ұялы телефоны ажыратылған. Сол себепті, анасы 8 қаңтар күні полицияға жүгініп, іздеу салды.
«Белгілері – азиат пішіндес, бойы шамамен 170-175 см, шашы қысқа қиылған. Е. Сариевті көрген-білген жандар болса, Орал қаласы Гагарин көшесі, 2/5-мекенжайында орналасқан қалалық полиция басқармасының көші-қон қызметі бөліміне немесе 8 (7112) 92-17-26, 8-708-767-13-76 телефондарына хабарласу сұралады», - деп хабарлады ведомстводан.
Еске сала кетейік, бұдан бұрын Оралда жоғалып кеткен 30 жастағы жігіттің бір айдан бері табылмай жатқанын жазған болатынбыз. Оның денесі 11 қаңтарда тоғайда асулы тұрған күйінде табылды.