13.12.2018, 10:14
Оқылды: 76

Оралда  жастардың облыстық форумы өтті (СУРЕТ)

 Облыстық жастар саясаты мәселелері басқармасының ұйымдастыруымен «Жастардың қуаты: Көшбасшылық. Жаңа бастамалар. Даму» атты  облыстық жастар форумы өтті. Форум мақсаты – талантты жастарды қолдау, өңірдің дамуына жаңа идеямен атсалысуға үндеу. Жиынға облыс әкімі Алтай Көлгінов қатысты.

жастар ф (11)

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Форумда түрлі салада еңбегімен жарқырай көрініп, табысқа ерте қол жеткізген жастар ойларын ортаға салды. Франциядағы Эколь Супериор биотехнология университетінің магистрі, Назарбаев университетінің инновация және даму департаментінің маманы,  «Onai» компаниясының құрылтайшысы Дамель Мектепбаева әлемде биотехнологияның қарқынды дамып жатқаны және гендік өзгерістер, Мур заңының ерекшелігі жөнінде әңгімеледі. «Болашақ» халықаралық бағдарламасының түлегі, «Дарын» жастар сыйлығының иегері, «Gentr Azia Group» ЖШС-ның директоры Олжас Сүлейменов бизнесте бастаған алғашқы жобалары, кәсіпкерлікке шыңдалу, өрлеу жолы жайында айтты.

– Қазталов ауданындағы Қараоба ауылында туып-өстім. Жәңгір хан атындағы БҚАТУ-дың машинақұрылыс факультетін тәмамдадым. Айтар кеңесім, студенттік шақта өте белсенді болыңдар. Көшбасшы болуға ұмтыла отырып, тәжірибе жинақтайсыңдар, бойларыңда жақсы дағдылар қалыптасады. Ешқандай тамыр-таныссыз жұмысқа орналасуға, игі қасиеттеріңмен айрықша көрінуге болады. Қазіргі уақытта «Яндекс Такси» компаниясының Оралдағы филиалын басқарамын. Компанияға қабылданар алдында тәуеклге бел буып,  әңгімелесуден сәтті өткенім есімде, – деді форумда сөйлеген «Business Power» жобасының ұйымдастырушысы Айнаш Бижанова.

Одан әрмен Орал қаласындағы Назарбаев зияткерлік мектебінің оқушысы Азиз Талап энергия өндіруге қатысты жаңа жобаларымен таныстырды. «EMA – 2018» Еуразиялық музыкалық сыйақы мен «Жыл таңдауы – 2018» жүлдесінің иегері, әнші Райымбек Бақтыгереев, «Назар аудар» комедия театрының әртісі Ақболат Өтебаев сөйледі. Форумда жастарды кәсіпкерлікке баулу үшін грант қаржысы берілетін «Jas Project» жобасы таныстырылды.

– Мемлекет жастардың білім алып, еңбек етіп, зор жетістіктерге ие болуына жағдай жасауда. Жастар жылының жариялануы – еліміздің жас ұрпақты қамқорлай алатынының айқын белгісі. Елбасының бес әлеуметтік бастамасына сәйкес өңірімізде студенттерге арналған бес жатақхана салынады. «Болашақ» халықаралақ бағдарламасына биыл – 25 жыл. Мемлекет басшысы білімді жастарымыздың көбеюіне, зияткер ұлт болып қалыптасуымызға баса көңіл бөліп отыр. Ақжайық өңірі – Ұлы дала елінің батыс қақпасы. Сондықтан Оралда жастар еуропалық білім алып жатыр деп сеніммен айта аламын және ұдайы айтып жүремін. Форумда жастарға өз жетістіктері жөнінде айтуға, тәжірибесімен бөлісуге мүмкіндік бердік. Олардың ой-толғамдары, форум қатысушыларына бағыт-бағдар сілтеуі көңілімізден шықты. Жастарымыз ғылымға терең бет бұруда. Өз салаңда көшбасшы болу оңай емес. Ол үшін тынымсыз еңбектену қажет. Әр қадамын өлшеп басып, ақылмен таразылап, мақсатына тынымсыз ұмтылатын адам зор нәтижеге жетеді. Қазіргі уақытта еңбек еткенге мемлекетіміз жағдай жасайды. Еңбек нарығында бәсекелестікке шыдаудың маңызы зор. Бұл бағытта мемлекеттік құрылымдар мен жастар ұйымдарының арақатынасын нығайту бағытында іс-шаралар атқарылуда. Биыл Орал қаласын дамыту мақсатында «Жастарға арналған 101 идея» науқаны басталды. Соған сәйкес www.crowd.kz.2050.kz краудсорсинг тұғырнамасы ашылды. Тұғырнамаға жастар тарапынан жолданған ұсыныс-пікірлер «Жастарды дамытудың жол картасына» енгізіледі. Өңірімізде мемлекеттік бағдарламалар аясында жастарға қолдау көрсетудеміз. Облыста биыл 10 мыңнан астам жас жұмыспен қамтылды. «Дипломмен ауылға» бағдарламасы арқылы 500-ге жуық маман жолдама алды. Бүгінгі форум қатысушыларының 60 пайызы – ауыл жастары. Алдағы уақытта аудан-ауылдарда жаңа мектептер, спорт алаңдары салынады. Келесі жылы 60 елді мекенге сапалы интернет желісі тартылады. Жас кәсіпкерлерге шағын несие берілеуде. Болашақ бастауы – ауылда. Жалпы, жастар жылына көптеген жоба мен іс-шараларды жоспарладық,  – деген облыс әкімі Алтай Көлгінов жиында түрлі бағытта белсенділік танытып, тың жобалармен көзге түскен жастарды алғыс хатпен марапаттады. Айта кетейік, форумға дейін «Ұлы даланың жеті қыры», «Цифрлы Қазақстан», «Жаңа идеялар және жастардың жобалары» атты секциялық отырыстар өкізілді.

жастар Oral (3) жастар ф (3) жастар Oral (5) жастар Oral (19) жастар ф (7) жастар Oral (20) жастар ф (6) жастар ф (5) жастар ф (4) жастар Oral (15) жастар Oral (17) жастар ф (9) жастар ф (13) жастар ф (14) жастар ф (15) жастар ф (17) жастар ф (19) Aizhan Bizhanova

 

Нұртай Текебаев

суреттерді түсірген Темірболат Тоқмамбетов

© zhaikpress.kz

 

Батыс Қазақстанның маңызды жаңалықтарын біздің Instagram және Telegram парақшамыздан алғашқы болып біліңіздер

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале