28.09.2020, 14:00
Оқылды: 72

Оралда Қадыр ақынның 85 жылдығына орай мерекелік іс-шаралар легі өтті

Апта соңында Мемлекеттік сыйлықтың иегері, Қазақстанның Халық жазушысы Қадыр Мырза Әлидің 85 жылдығына арналған мерекелік іс-шаралар Оралда Алматыдан арнайы келген құрметті меймандардың Қадыр ақынның ескерткішіне гүл шоғын қоюмен басталды. 

IMG_1246

Шараға облыс әкімі Ғали Есқалиев қатысып, сөз сөйледі. Бұдан кейін Қазақстан  Жазушылар Одағының басқарма төрағасы Ұлықбек Есдәулет пен Халықаралық айтыскерлер мен жыршы-термешілер одағының басқарма төрағасы Жүрсін Ерман Қадыр ақын туралы естеліктерімен бөлісті. Мерейтой аясында жарық көрген белгілі қаламгер Қали Сәрсенбайдың «Қазақтың Қадыры» атты кітабының таныстырылымы өтті. Бұдан кейін «Қазақтың Қадыры» атты облыстық жыр мүшәйрасының жеңімпаздары марапатталды.

IMG_1248

Мүшәйра қорытындысы бойынша бас жүлде оралдық Айбол Исламғалидің еншісіне тисе, І орынды жаңақалалық Мәрлен Ғилымхан иеленді. Ал ІІ орынды бөрлілік Мейрамбек Сыдық қанжығаласа, ІІІ орынды Махамбет Өтемісов атындағы БҚУ-дың І курс студенті Әділ Ахметов пен сырымдық Бауыржан Ширмединұлы бөлісті. Арнайы екі сыйлық Ернар Жақсыбаев пен ақжайықтық Абылайхан Мақсұтовқа табысталды.

IMG_1249

Кеш соңында құрметті меймандарға сый-сыяпат көрсетілді.

IMG_1251

IMG_1252

IMG_1253

IMG_1254

IMG_1257

Ләззат Шағатай,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале