Кеше Оралда Тұңғыш Президент алаңында қала күніне арналған «Туған қалам – Орал» атты мерекелік гала-концерт өтті. Әлеуметтік желіде алаңдағы Кітапқа арналған ескерткіштің үстіне шығып, көпшіліктің назарын аударған жігіттің видеосы тарады.
Коллаж: видеодан скрин / Insta: @typicaluralsk
Бүгін облыстық полиция департаменті оқиғаға қатысты мәлімдеме жасады.
«Оқиға бойынша аталған азаматқа қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық кодексінің 440-бабы 1-бөлігіне сәйкес әкімшілік хаттама толтырылды», - деп хабарлады БҚО Полиция департаментінен.
Айтып өтелік, Қадыр Мырза Әли атындағы амфитеатр жанында орналасқан Кітапқа арналған ескерткіш 2016 жылы, дәл осы қала күнінде бой көтерген еді. Композицияның биіктігі – 5, ені 3 метр.
«Жайық Пресс» ақпарат агенттігі