26.11.2021, 12:30
Оқылды: 148

Оралда қала орталығындағы 14 көпқабатты үй сусыз қалды

Оралда қала орталығындағы 14 көпқабатты үй және 50 жеке үй, барлығы 800 абонент сусыз қалды, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

32

БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметі мәлім еткеніндей, диаметрі 300 мм суық су құбыры жарылып, істен шыққан.

24 қараша күнгі сағат 22.30-дағы жағдай бойынша Сарайшық пен А.Тайманов көшелерінің қиылысында жөндеу-қалпына келтіру жұмыстары жүргізілуде.

Апатқа байланысты үш жерде, Н.Назарбаев даңғылы, 187, Л.Толстой көшесі, 133 және А.Тайманов көшесі, 127-мекенжайларында су тасымалы ұйымдастырылды.

Қазіргі кезде жөндеу жұмыстарына «Батыс су арнасы» ЖШС-ның 10 қызметкері мен 3 техника тартылған.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале