Оралдағы сауналардың бірінде 46 жастағы азаматша интимдік қызмет көрсету үшін 37 және 39 жастағы екі әйелді ұсынып, жеңгетайлық ұйымдастырған. Аталған фактіге сәйкес, ҚР ҚК 309-бабы 1-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғалды.
Сондай-ақ 53 жастағы әйел Орал қаласындағы жалдамалы пәтерлердің бірінде 17 жастағы кәмелетке толмаған жасөспірімді жезөкшелікпен айналысуға тартқан. Күдіктілер мұндай әрекеттері үшін 10-15 мың теңге көлемінде ақшалай сыйақы алған. Аталған факті бойынша ҚР ҚК 134-бабы 1-бөлігі бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізіліп жатыр, дейді БҚО ПД баспасөз қызметі.