3.12.2024, 15:45
Оқылды: 29

Оралда кәмелетке толмаған жасөспірім психотроптық заттармен ұсталды

БҚО ПД-ның есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасы Деркөл кентінде жедел-іздестіру шаралары барысында 2007 жылы туған кәмелетке толмаған жасөспірімді ұстады. Бұл туралы департаменттің баспасөз қызметі хабарлады.

60d34f55-60fd-409c-b5c4-7007b603d99d

Суреттер: БҚО ПД

Жеке тінту кезінде одан 25 zip-пакет тәркіленді. Кейін жасөспірім есірткі жасырған орындарын көрсетіп, сол жерлерден 109 zip-пакетке салынған үш үлкен орама табылды.

Сараптама нәтижесінде алынған заттардың жалпы салмағы 249 грамм, яғни шамамен 1 245 дозалық «Альфа PVP» психотроптық заты екені анықталды.

Тергеу барысында ұсталған жасөспірімнің Қостанай облысының тұрғыны екені белгілі болды. Ол Орал қаласына Telegram-арна арқылы жұмысқа шақырылған.

17d119ed-feb8-4fb4-b883-a2e2181e2481

Жұмыс берушілер жол жүру және тұру шығындарын өтеген. Қазіргі уақытта жасөспірім уақытша ұстау изоляторына қамалды. Аталған фактіге қатысты есірткі заттарының заңсыз айналымы бойынша сотқа дейінгі тергеу амалдары жүргізілуде.

Полиция заңсыз есірткі сақтау және таратудың қылмыстық жауапкершілікке әкеп соғатынын ескертеді. Батыс Қазақстан облысы полиция департаменті өңірдегі есірткі қылмысына қарсы күресті күшейтіп, «Орал – есірткісіз қала» бағдарламасы аясында есірткі заттарының заңсыз айналымына тосқауыл қою жұмыстарын белсенді түрде жалғастырып жатыр.

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале