5.01.2024, 22:00
Оқылды: 80

Оралда қаңтар құрбандарын еске алды

Қазақстан Республикасы Ұлттық ұланы «Батыс» өңірлік қолбасшылығына қарасты барлық әскери бөлімдерде осыдан екі жыл бұрын барлық республика аумағында орын алған қасіретті қаңтар оқиғасы кезінде ерлікпен қаза тапқан әскерилер рухына тағзым ету мақсатында «Мәңгілік сапта» атты шара өткізілді.

IMG-20240105-WA0079

Қаралы қаңтар оқиғасы кезінде әскери қызметшілердің көрсеткен қайтпас ерліктері мен батылдықтарына арналған іс-шараны ашу барысында сөз алған «Батыс» өңірлік қолбасшылығының қолбасшысы полковник Қазкеев Бекайдар Маратұлы  «Қыршыннан қиылған ұландықтардың ерлігі мен қайтпас қайсарлылығы ұмытылмайды, мәңгілік біздің жүрегіміз бен жадымызда сақталады, соңымыздан еріп келе жатқан өскелең ұрпақ үшін мәңгілік өшпес ерлік үлгісі болып қалады» деп сөз қайырды.

IMG-20240105-WA0078

Естеріңізге сала кетейік осыдан екі жыл бұрын қатардағы Мадияр Қайсаров пен Айбат Аманов елдегі қауіпсіздікті қамтамасыз ету барысында жауынгерлік міндеттерін батылдықпен орындап қаза тапты.

IMG-20240105-WA0077

Аталмыш акция барысында жиналған ұландықтар бір минуттық үнсіздікпен батырлардың ерліктерін естеріне алды. Сонымен қатар, іс-шара аясында  еліміздің тарихында қанды қаңтар атымен сақталған көтеріліс туралы бейнеролик көрсетілді.

           ҚР ҰҰ «Батыс» ӨңҚ баспасөз қызметі

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале