2.12.2024, 16:00
Оқылды: 87

Оралда «Kazakh fashion kids awаrds 2024» шарасы өтті

Оралда «Kazakh fashion kids awаrds 2024» шарасы өтті.

жп фэшн (7)

Шарада ең бірінші болып «LI fashion models» мектебінің модельдері мен «Kazakh branding club» жасөспірімдер клубының балалары өнер көрсетті.

Олар жыл бойы сахнаға шығып, сән көрсетуді меңгеріп, сән тенденцияларын зерттеп, Қазақстандағы ауқымды көрсетілімдерге қатысқан. Халықаралық дизайнерлер және шеберлермен жұмыс істеген.

жп фэшн

Кешке қатысқан балалар мен жасөспірімнің барлығы жергілікті дизайнерлердің қолынан шыққан киімдерді киіп, сән көрсетті.

жп фэшн (12)
- Бұл жыл сайынғы жоба. Алғашқы рет былтыр өткіздік. Мақсатымыз еліміздегі және өңіріміздегі креативті индустрия саласында жүрген балаларды қолдау, бір-бірімен таныстырып, түрлі жобада бірге жұмыс істеу. Жобаға 4-17 жастағы модель, дизайнер, мобилограф, фотограф, блогер, Tiktok түсіретін және журналистика бағытында өзін сынап жүрген балалар қатыса алады. Командамыздағы педагогтар, маркетологтар мен дизайнерлер іріктеу өткізді. Былтыр жобаға 62 бала қатысса, биыл 77 балаға жетті.
Креатив дүниелерді іске асырып жүрген бала көп. Басты мақсат солардың басын біріктіру еді. Біздің лозуң – хоббиден бастап бизнесті іске асыру деңгейіне дейін жеткізу. Кеште «Kazakh fashion kids awаrds 2024» премиясы табысталады. Бізге БҚО «Іскер әйелдер қауымдастығы» мен БҚО «Дизайнерлерінің қауымдастығы», қаладағы біраз кәсіп иесі қолдау білдіріп, серіктесіміз атанды, - дейді дизайнер, «Kazakh fashion kids awards» жобасының авторы Лунара Илхам гызы.

жп фэшн (9)
Фэшн кеште балаларға арналған көйлек тігетін дизайнер Ирина Мазанова, 8 жылдық тәжірбиесі бар, республикалық және халықаралық «World Skills of Kazakhstan», «World Skills of Uzbekistan», «Aspara Fashion Week» байқауларында жүлделі орындарға ие болған, қазір декрет демалысында отырған дизайнер Гульфат Карабалина, «Fashion Show 2017» фестивалінің «Үздік дизайнер» атағының иесі, Алматы қаласындағы «Ару айналайын» жобасының костюмдер дизайнері, стилист-дизайнер Аида Кулгатованың коллекциясы ұсынылды.
Ал София Батыршина – «Жыл Tiktok-кері», Мадияр Жасұлан – «Жыл мобилографы», Нұргелді Жұмабек – «Жыл мобилографы», Ляйсан Мықи – «Жыл дизайнері», Әмірхан Аққуан - «Жыл мобилографы», Асанали Онгар – «Ең үздік жас актер», Темирлан Досмухамбетов – «Жыл мобилографы» атанды.

Динара Тілекқызы,
фотоға түсірген автор
zhaikpress.kz

жп фэшн (1) жп фэшн (2) жп фэшн (3) жп фэшн (4) жп фэшн (6) жп фэшн (8) жп фэшн (10) жп фэшн (11)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале