21.01.2022, 16:30
Оқылды: 82

Оралда "Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тарихына шолу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті

Оралдағы Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан "Батыс" өңірлік қолбасшылығының жиналыс залында Орал гарнизоны әскери прокуратурасының қатысуымен Әскери прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толуына орай қылмыстық қудалау әскери органдары мен гарнизонның басқару органдары өкілдерінің қатысуымен "Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тарихына шолу" тақырыбында дөңгелек үстел өтті.

????????????????????????????????????

Дөңгелек үстел іс-шарасын "Қазақстан Республикасы әскери прокуратура органдарының тарихына шолу" баяндамасымен Орал гарнизонының әскери прокуроры, әділет полковнигі Алтынбай Раев ашып, әскери прокуратураның қалыптасу тарихы, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күнінен бергі оң тәжірибесі мен жетістіктері, Қарулы Күштерде заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтудағы әскери прокуратура әскери ардагерлерінің рөлі мен үлесі туралы  мәлімдеді.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде "Қазақстанның әскери прокуратура органдарының даму және қалыптасу кезеңдері" тақырыбында «Батыс» өңірліқ қолбасшылығының қолбасшының құқықтық жұмыс жөніндегі көмекшісі подполковник Дархан Алпиев пен Қазақстан Республикасы Ұлттық ұлан «Батыс» өңірлік қолбасшылығының ардагерлер кенесінің төрағасы запастағы подполковник Бақытжан Бердиевтер баяндама жасап, бірлескен жұмысы үшін алғысын білдіріп, Отанымыз-Қазақстан Республикасының игілігі үшін ұзақ та қажырлы еңбек тіледі.

Сондай-ақ, кездесу барысында дөңгелек үстелге қатысушылар Қазақстан Республикасы Қарулы Күштеріндегі өзекті мәселелерді талқылап, Орал гарнизонының әскери қызметшілеріне Отанымыздың игілігі үшін аянбай еңбек етуі жайында ақжаулық тілек-лебіздерін  білдірді.

????????????????????????????????????

Бүгінгі таңда Орал гарнизоны әскери прокуратурасының ұжымы әскерлердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайту, әскери қызметшілер мен олардың отбасы мүшелерінің конституциялық құқықтары мен кепілдіктерін сақтау жөніндегі жұмысты жалғастырып жатқанын атап өту керек. Негізгі күш-жігер әскерлердегі құқық бұзушылықтарды дәйекті түрде азайтуға бағытталған, бұл жұмыс әскерлердегі құқық бұзушылықтардың алдын алудың ведомствоаралық бағдарламаларын іске асыру шеңберінде кешенді түрде жүргізіледі.

Естеріңізге сала кетейік, 2022 жылдың 17 ақпанында Қазақстан Республикасының әскери прокуратура органдарының құрылғанына 30 жыл толады.

Қазақстан Тәуелсіздігінің 30 жылы ішінде әскери прокуратура органдары Қарулы Күштердегі заңдылық пен құқықтық тәртіпті нығайтуға зор үлес қосты және ел басшылығы мен Бас Прокурор жүктеген әскерлердегі заңның үстемдігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді табысты орындауды жалғастыруда.

 

Подполковник Ерболат Сұлтанов,

Орал қаласы

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале