Дәл қазір қаладағы «Салтанат сарайы» ғимаратында «Атамекен» ҚР Ұлттық кәсіпкерлер палатасының ұйымдастыруымен «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы және «Бір ауыл – бір өнім» жәрмеңке-көрмесі өтіп жатыр.
Батыс Қазақстан облысы әкімінің бірінші орынбасары Ержан Балтаев өңірлік көрмеге қатысуда.
Айта өтейік, «Қазақстанның үздік тауары» көрме-байқауы жеңімпаздарын таңдау «Өндірістік мақсаттағы үздік тауарлар», «Халық тұтынатын үздік тауарлар», «Үздік азық-түлік тауарлары» номинациялары бойынша жүргізіледі.
Байқау жеңімпаздары өз өнімдерін республика деңгейінде ұсынады.
– «Бір ауыл – бір өнім» жобасы өткен жылдан бастап іске асырылуда. Жобаның басты мақсаты – үй шаруасындағы әйелдерді нақты ауылдық жерлерге қатысты өндірістерді ашуға ынталандыру. Қазіргі іскер әйелдер үшін жәрмеңке-көрмеге қатысу – әлеуетті серіктестерді іздеу арқылы өз өнімдерін өткізу көкжиегін кеңейту мүмкіндігі», - дейді жоба ұйымдастырушылары.
Аз уақыттан кейін байқаудың жеңімпаздары анықталады.
zhaikpress.kz