4.09.2020, 11:40
Оқылды: 48

Оралда «Қиял қанаты» республикалық дуэт онлайн байқауы өтеді

Оралда Халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қиял қанаты» республикалық дуэт (сөз бен бояу) онлайн байқауы өтеді.

Жұбан - ОЦНТ

Ақындық пен батырлықты тең ұстанған тұлға, «Мен – қазақпын» деп өз ұлтының рухын асқақтатқан ақын, өлеңде де, өмірде де қаламның қайраткері, Жайық топырағының абыз ақыны, халық жазушысы Жұбан Молдағалиевтың 100 жылдық мерейтойына арналған «Қиял қанаты» республикалық дуэт (сөз бен бояу) онлайн байқауы Батыс Қазақстан облыстық мәдениет басқармасының қолдауымен облыстық халық шығармашылығы орталығы ұйымдастырып отыр.

Байқау қорытындысы биыл 20 қыркүйекте әлеуметтік желілерде жарияланатын болады.

Бүгінгі таңда республикалық онлайн байқауына бір ақын, бір суретші (дуэт түрінде) Нұр-Сұлтан, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Түркістан, Жамбыл, Қызылорда және Батыс Қазақстан облысынан үміткерлер қатысуда.

Сөз бен бояу дуэті мақсаты – Жұбан ақын туралы жалынды  жыр мен асқақ бейнені ұштастыру, өнер альянсын – поэзия мен сурет үндестігін таныту, ақын әлемінен жаңа бір дүниелерді жандандыру, оның ішінде көркем бейнелер арқылы ақын портретін мәдени мұраға айналдыру.

 

Ертай Бимұханов,

zhaikpress.kz

 

 

 

 

 

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале