23.02.2026, 15:48
Оқылды: 86

Оралда «Көктем-2026» республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулары өтеді

"Оралда 25-27 ақпан аралығында азаматтық қорғаудың аумақтық құлақтандыру жүйесін іске қосу арқылы "Көктем-2026" республикалық командалық штабтық оқу-жаттығулары өтеді", - деп хабарлайды БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі.

WhatsApp Image 2026-02-23 at 16.45.33

Фото: БҚО төтенше жағдайлар департаментінің баспасөз қызметі

"Көктем-2026" республикалық командалық-штабтық оқу-жаттығулары аясында Батыс Қазақстан облысы Төтенше жағдайлар департаментінің азаматтық қорғаудың құлақтандыру жүйесін тексеру жоспарланған.

Оқу-жаттығу жоспарына сәйкес, 2026 жылғы 25 ақпанда сағат 11:00-де сиреналық-сөйлеу құрылғылары қосылады. Құлақтандыру жүйесін тексеру барысында электрлік дабыл беру құрылғылары қысқа мерзімге іске қосылып, теле және радиоканалдардың эфирі уақытша тоқтатылып, "ұстап алу" арқылы таратылады. "Баршаңыздың назарыңызға!" шарасы халықтың бірыңғай ескерту дабылына әрекет ету тәртібін қалыптастыру мақсатында өткізіледі.

Батыс Қазақстан облысы ТЖД төтенше жағдай туындаған кезде сиреналық-сөйлеу құрылғылары қосылған жағдайда әрекет ету қағидаларын еске салады:
1) Радионы, радиохабар тарату және теледидар қабылдағыштарын қосыңыз;
2) Уәкілетті органның ведомстволық интернет-ресурсындағы, сондай-ақ, басқа да қолжетімді бұқаралық ақпарат құралдарындағы ақпаратты оқып, тыңдаңыз;
3) Берілген хабарламаға сәйкес әрекет етіңіз.

Түсіністікпен қарап, сабырлық танытып, үрейге бой алдырмауыңызды сұраймыз!

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале