5.11.2025, 10:30
Оқылды: 179

Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың табылуына қатысты қылмыстық іс тоқтатылды

Оралда қоқыс контейнерінен шақалақтың табылуына қатысты қылмыстық іс тоқтатылғаны мәлім болды, - деп жазады kaz.inform.kz.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

Сурет сайт архивінен 

Бұдан бұрын хабарланғанындай, Орал қаласында көпқабатты үйдің ауласындағы қоқыс контейнерінен шақалақтың денесі табылған болатын.

БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен жазғандай, қылмыстық іс қозғалып, анасын іздестіру жұмыстары жүргізілгенімен, оның мекенжайы анықталған жоқ.

Сараптама қорытындысына сәйкес шақалақ өлі туған.

— Аталған қылмыстық іс бойынша ҚР ҚК 35-бабына сәйкес сотқа дейінгі тергеу амалдарын тоқтату туралы шешім қабылданды. Қабылданған шешім қадағалау органымен келісілді, - деп хабарлады ведомстводан.

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале