14.08.2025, 16:00
Оқылды: 727

Оралда қоқыс жәшігінен шақалақ табылды

Зашаған кентінде әйел адам қоқыс жәшігіне шарананы лақтырып кеткен. Оны сол маңдағы адамдар көріп, полицияға хабарлаған. Оқиғаны Полиция департаменті растады.

ПОЛИЦИЯ ЖП (жаңа)

- Қазір табылған шақалақтың анасы іздестіріліп жатыр, оқиғаның мән жайы анықталуда, -  деді БҚО ПД баспасөз қызметінің жетекшісі Нұржан Қуанғали.

Нәресте тірі ме, өлі ме белгісіз. Полиция ол туралы ақпарат бермеді.

 

Жанат Көшкінбай,

zhaikpress.kz   

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале