Бүгін «Орал» спорт клубында Тәуелсіздік күніне орай қол күресінен 2000-2004, 2005-2007 жылы туған жастар арасында қалалық ашық чемпионат өтті.
Орал қаласы дене шынықтыру және спорт бөлімі баспасөз қызметінің хабарлауынша, жарысқа 100-ге жуық спортшыны құраған 11 команда қатысты.
Салтанатты ашылуға аталған спорт клубының директоры Орынбасар Ғилымұлы мен БҚО гір және қол күресі қауымдастығының президенті Мұрат Қолғанатұлы қатысып, қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жеңімпаздар мен жүлдегерлер спорт клубының диплом және медальдарымен марапатталды.
Айта өтейік, өңірімізде қол күресі қарқынды дамып келеді. Күні кеше Өзбекстан Республикасында өткен Азия кубогында жерлестеріміз жалпы командалық есепте І орын иеленді.
zhaikpress.kz