30.09.2023, 14:12
Оқылды: 55

Оралда көлік ағашқа соғылып, екі адам мерт болды

Бүгін түнгі сағат 00:20 шамасында Орал қаласы Деркөл кентіндегі Даль көшесі, 9-үйдің жанында 1994 жылы туған «Mercedes-Benz» автокөлігінің жүргізушісі қозғалыс барысында рульді басқара алмай, жол бойындағы ағашқа соғылған, деп хабарлайды БҚО ПД-ның баспасөз қызметі.

IMG-20230930-WA0115

«Жол-көлік апаты салдарынан жүргізуші мен 1965 жылы туған жолаушы алған жарақаттарынан оқиға орында қаза болды. 1990 жылы туған екінші жолаушы облыстық ауруханаға жеткізілді. Көлік арнайы тұраққа қойылды.

Оқиға бойынша ҚР ҚК 345-бабы 4-бөлігімен сотқа дейінгі тергеу амалдары басталды. Апаттың мән-жайы анықталуда», делінген департаменттің баспасөз мәлімдемесінде.

zhaikpress.kz

 

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале