29.08.2025, 16:00
Оқылды: 319

Оралда Конституция күніне арналған мерекелік концерт өтті

Бүгін, Атамекен өнер ордасында Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл толуына арналған «Ел тірегі – Ата Заң» атты салтанатты концерттік бағдарлама ұйымдастырылды.

WhatsApp Image 2025-08-29 at 16.34.05 (1)

Шара Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Туы мен Әнұранын орындаумен басталып, мерекелік кештің маңыздылығын айқындады. Көрермендерге арнайы дайындалған 3D бейнеролик ұсынылып, заманауи мультимедиялық технологиялар арқылы елдің жетістіктері паш етілді.

Салтанатты жиында Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев құттықтау сөз сөйлеп, Конституцияның ел өміріндегі айрықша орнын атап өтті:
– Ата Заң – тәуелсіздігіміздің тұғыры, халқымыздың бірлігі мен тұрақтылығының кепілі. Бүгінгі мерекенің мәні – еліміздің дамуы мен жарқын болашағының негізі болған Конституция құндылықтарын дәріптеу. Конституция – әр азаматтың құқығы мен бостандығын қорғап, әділетті қоғам құруға негіз болады. Бұл құжат еліміздің демократиялық жолын айқындап, мемлекеттілігіміздің берік іргетасына айналды.

Өңір басшысы жастардың бойына отансүйгіштік рухты сіңіру, ел тарихына құрметпен қарау – басты міндеттердің бірі екенін де атап өтті:
– Біз үшін ең маңыздысы – болашақ ұрпаққа тәуелсіздіктің қадірін түсіндіру, заңға деген сенімін нығайту. Конституция құндылықтары әрқайсымыздың жүрегімізде орнығып, Қазақстанды өркендету жолында бағыт-бағдар беріп келеді. Біздің міндет – осы құндылықтарды сақтап, нығайту, – деді Нариман Төреғалиев.

WhatsApp Image 2025-08-29 at 16.34.05

Қазақстан Республикасы Президентінің 2025 жылғы 28 тамыздағы №978 Жарлығына сәйкес, Қазақстан Республикасы мемлекеттілігінің қалыптасуына, егемендігінің нығаюы мен әлеуметтік-экономикалық дамуына қосқан елеулі үлесі үшін «Қазақстан Республикасының Конституциясына 30 жыл» мерекелік медалімен Батыс Қазақстан облысы әкімінің орынбасары Қалияр Айтмұхамбетов, Қазақстанның инновациялық және телекоммуникациялық жүйелер университетінің ректоры Әліби Баяхов, салалық еңбек ардагерлері, әр түрлі сала өкілдері – Бақытжан Исхожин, Берік Қазмағамбетов, Талғат Нығметов, сондай-ақ Теректі ауданының әкімі Әлия Мұқамбетжанова және Батыс Қазақстан облысы қоғамдық даму басқармасы басшысының орынбасары Серік Маметанов марапатталды.

WhatsApp Image 2025-08-29 at 16.33.24 (1)

Мерекелік медальдарды салтанатты түрде Батыс Қазақстан облысының әкімі Нариман Төреғалиев өз қолымен табыстады.

b9bf0945-fdcf-487a-aa03-148c1f5e84d8

Кеш соңында облыс өнерпаздарының қатысуымен мерекелік концерт ұсынылып, көрермендерге көтеріңкі көңіл-күй сыйлады. Сахна төрінде көк туымыз асқақ желбіреп, бүкіл көрермен түрегеліп, қазақ рухын көтерген ұлы ән – «Атамекен» бірге тыңдалды. Залда ерекше патриоттық рух орнап, мерекелік кеш шынайы елдік бірліктің символына айналды.

ad1e2925-25a0-41fa-aa1a-bc94d5213538

950f4665-093e-405f-9e5f-bc12310ad0b4


Бекзат Қанаділ,

zhaikpress.kz

Фото: Бекзат Қанаділ, Мәди Салық

WhatsApp Image 2025-08-29 at 16.33.25 WhatsApp Image 2025-08-29 at 16.33.24 WhatsApp Image 2025-08-29 at 16.33.25 (1)

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале