Оралда Кердері көшесіндегі №140 көпқабатты үйдің тұрғындары үйдің кіреберісіндегі қарақұрт пайда болғанын айтып, шағымданды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
© animalreader.ru
Тұрғындар кіреберістегі улы өрмекшілер қыс түссе пәтерлерге кіріп алады деп қорқады.
"Біз ПИК-ке шара қолдану үшін қоңырау шалдық, олар көмектесуден бас тартты. 109 қызметіне қоңырау шалдық - олар да бас тартты. Дезинфекция қызметіне қоңырау шалған кезде қызметтің құны 15 мың теңгеден жоғары екенін білдік. Көршілер бұған ақша жинағысы келмейді. Енді біз не істеуіміз керек? Суық басталса, өрмекшілер пәтерімізге кіріп кетеді ғой", - дейді көпқабатты үйдің тұрғыны Алина.