28.10.2021, 12:57
Оқылды: 60

Оралда көппәтерлі тұрғын үйлер жөнделмек

 Орал қалалық әкімдігінде өткен жиында көппәтерлі тұрғын үйлер жайлы сөз қозғалды. Қала әкімінің орынбасары Мирас Мүлкай жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестіктері институтын енгізу жөніндегі реформаның жүзеге асырылып жатқанын айтты.

????????????????????????????????????

– Төлем жасауға ыңғайлы бұл реформа тұрғын үйлерді күтіп ұстауға және көп салалы ұйымдардың өзін-өзі басқаруы үшін «Бір үй – бір бірлестік – бір есеп» қағидаты бойынша жылжымайтын мүлік иелерінің бірлестіктерінің жаңа нысанын құруға бағытталған.Меншік иелері қауымдастығы (МҚБ) мен Қарапайым серіктестік (ПТ) осы бағытта жұмыс жасайды. Тұрғындарға көмектесу үшін zhkh.kz сайты жаңартылды. Мұнда басқарудың жаңа нысандарына көшу үшін жоспар және барлық қажетті құжаттардың үлгілері берілген. Сондай-ақ тұрғын үйді басқарудың жаңа нысандарының ерекшеліктерін түсіндіретін буклеттер, брошюралар, флайерлер, инфографика және бейнероликтер орналастырылған. Еліміздің барлық өңірінде көппәтерлі тұрғын үйлерді басқарудың жаңа нысандарына көшуде халыққа қажетті ақпараттық-консультациялық қолдау көрсететін қоғамдық бірлестіктер жұмыс істейді. KazCenterHousing азаматтарға Telegram әлеуметтік желісі және Suraqtar.kz платформасы арқылы сұрақтарға жауап беріп, басқарудың жаңа түрлеріне көшу бойынша жан-жақты қолдау көрсетеді, – деді «Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ бөлім басшысы Марғұлан Әбдікәрімов.

????????????????????????????????????

«Тұрғын үй-коммуналдық шаруашылығын  жаңғырту мен дамытудың қазақстандық орталығы» АҚ басқарма төрағасының орынбасары Нұрбек Серіков, осы орталықтың бөлім басшысы Марғұлан Әбдікәрімов, БҚО ҚСК қауымдастығының төрағасы Нұрлан Шабдаров жиынға қатысушыларға меншік иелерінің бірлестіктерін құру механизмі мен жеңілдіктер туралы айтып, сұрақтарға жауап берді.

????????????????????????????????????

– Басқарудың жаңа нысандарын енгізуменшік иелерінің мүдделерін қорғауға, мүлікті күтіп-ұстау сапасын арттыруға, тұрғын үй қорының сақталуын қамтамасыз етуге мүмкіндік береді. Бұрын жұмыс істеп тұрған механизм бойынша ҚСК есепшот есебінде пайдаланылды. Үйлерге күрделі жөндеу жүргізу үшін қаражат жиналуда, – деген Нұрбек Серіков ҚСК 2022 жылдың 1 шілдесіне дейін ғана жұмыс істейтінін, содан кейін олар барлық құжаттар мен қаржылық есептерді тұрғындардың жаңа ұйымына тапсыруға міндетті екенін атап өтті.

????????????????????????????????????

Марлен Ғилымхан,

zhaikpress.kz

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале