27.08.2019, 17:05
Оқылды: 75

Оралда қос дипломды білім беру жайы талқыланды

Бүгін М.Өтемісов атындағы БҚМУ-да «Қосдипломды білім беру: Н.Чернышевский атындағы СМУ және М.Өтемісов атындағы БҚМУ арасындағы ынтымақтастық жағдайы мен даму перспективалары» тақырыбында халықаралық дөңгелек үстел өтуде.

IMG_9534

М.Өтемісов атындағы БҚМУ интернационалдандыру орталығының жетекшісі, PhD В.С.Зубков, Н.Г.Чернышевский атындағы СМУ мен М.Өтемісов атындағы БҚМУ арасындағы Болон процесі талаптарының шеңберіндегі ынтымақтастықтың негізгі қорытындылары мен өзекті мәселелері бағытында, қос дипломды білім беру бөлімінің жетекшісі, т.ғ.д., профессор Ғ.Ғұмаров аталған екі университет арасындағы қос дипломды білім беру саласындағы ынтымақтастықтың жағдайы мен даму перспективалары бағытында, педагогика факультетінің деканы, п.ғ.к., Ш.Габдрахманова екі жоғары оқу арасындағы жоғары және жоғары оқу орнынан кейінгі педагогикалық білім беру саласындағы ынтымақтастықтың даму бағыттары тақырыбында баяндама жасады.

IMG_9553

Н.Г.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университетінен арнайы келген ресейлік әріптестер, психология ғылымдарының докторы,  профессор  М.Григорьева Болон процесі контексінде психологиялық-педагогикалық білім беруді дамыту бойынша ұсыныстарын айтса, педагогикалық психология және психодиагностика кафедрасының доценті, пед.ғ.к., доцент Л.Тарасова қос дипломды білім беру кезіндегі педагогикалық қызметті психологиялық қамтамасыз ету мәселелері аясында сөз қозғады.

IMG_9519

Осыған дейін М.Өтемісов атындағы Батыс Қазақстан мемлекеттік университеті мен Н.Чернышевский атындағы Саратов ұлттық зерттеу мемлекеттік университеті (СМУ) арасындағы қос дипломды білім беру саласындағы инновациалық-білім беру консорциум құрып, университеттер арасындағы қос дипломды білім берудің екі бағыты бойынша (филология/бакалавриат пен магистратура/ және психологиялық-педагогикалық білім беру /магистратура/) келісімге қол қойылған болатын.

Рита Сұлтанғалиева,

М.Өтемісов атындағы БҚМУ-дың баспасөз қызметі

Узнайте первым о важных новостях Западного Казахстана на нашей странице
в Instagram и нашем Telegram - канале